ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Жүрегі елім деп соққан әрбір қазақстандық азамат төл мерекемізді ескерусіз қалдырмасы анық. Өйткені бүгінгі бейбіт күннің берекелі таңы атуы үшін, батыр бабаларымыздың қаны мен аналарымыздың көз жасы төгілді. Азаттық аңсаған жастардың жалынды үні ақиқатқа айналып, міне бүгін Егемен ел болғанымызға — 25 жыл толып отыр. Осыған ора      й, «Сарыағаш» Емдеу-оңалту кешенінде де мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шипажайымыздың 400-ден астам қызметкері қатысқан салтанатты жиынды мекеменің Бас директоры  Б.Д.Батыршаев ашып беріп, 25 жылда елімізбен қатар курортымыздың жеткен жетістіктері жайлы тілге тиек етті. Баяндама соңында жыл бойы адал әрі тынымсыз атқарған еңбектері үшін санаторий қызметкерлері Облыстық Қаржы басқармасы басшысының және Сарыағаш ауданы әкімі мен «Сарыағаш» Емдеу-оңалту кешені Бас директорының «Құрмет грамотасымен» және «Мақтау қағаздарымен» марапатталды. Сондай-ақ, ардагер қызметкерлер де елеусіз қалған жоқ. Майталман тұлғаларға да алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар ұсынылды.

Іс-шараның екінші бөлімінде облыстық «Тұмар» фольклорлық ансамблінің және «Сарыағаш» шипажайының дарынды өнерпаздары жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осылайша, «Тәуелсіздіктің тойы» Сарыағашта өте жоғарғы деңгейде атап өтілді.

Бронирование номеров

Спасибо что Вы с нами! Пожалуйста, заполните форму ниже, и наши сотрудники в ближайшее время с вами свяжутся.

Написать директору