«САРЫАҒАШТЫ» не үшін ТАҢДАЙМЫЗ?!

Емдік-сауықтыру туризмі бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Курортологияда, негізінен, аурулардың профилактикасына және оларды емдеуге қолданылатын бірнеше табиғи емдік факторлар бар. Олар:

  • КЛИМАТ
  • МИНЕРАЛДЫ СУ
  • БАЛШЫҚ

Жоғарыда аталған табиғи ресурстарды басымдылыққа ала отырып, емдеу және оңалту шараларын жүргізетін кәсіби мамандандырылған орталықтардың бірі — «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені болып табылады. Санаторийдің табиғи ресурстардың барлық түрін бір жүйеге қамтыған көпсалалы шипажай екендігінің басты айғағы — өз аумағында орналасқан әлемде теңдесі жоқ «Сарыағаш Арасанындағы» минералды суы, жанға жайлы таза ауасы және көптеген сырқатқа дауа болатын емдік балшығы мен физиоемдері екендігін айта кету керек.

Көз тартар көркем табиғат аясында ем алумен қатар, дем алуға да зор мүмкіндік бар. Климаты қолайлы болғандықтан, қалаған жыл мезгілінде келуге болады.

Қазіргі таңда біздің білікті мамандар «Сарыағаш» суын таза табиғи күйінде іштей әрі сырттай 16 түрлі емде қолдануда. Кешенімізде тек қана гастроэнтерологиялық, урологиялық, жүрек-қан тамыр ауруларын ғана емес, емдік балшықтың негізінде буын, омыртқа, гинекологиялық және кейбір тері ауруларын емдеуге де барлық жағдай жасалынған.

Айта кету керек, көптеген курорттар ем жүргізуде табиғи ресурстардың бір саласына ғана бағытталады. Ал «Сарыағаш» шипажайы климат, минералды су және балшықтың яғни табиғи факторлардың үшеуін де бір жүйеге біріктірген Қазақстандағы ең ірі шипажайлардың қатарында.

Бронирование номеров

Спасибо что Вы с нами! Пожалуйста, заполните форму ниже, и наши сотрудники в ближайшее время с вами свяжутся.

Написать директору